12 Қаңтар, 2016

Қарағанды облысында қабан атқандар ұсталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-KabannnҚАРАҒАНДЫ. 12 қаңтар. Қарағанды облысының Нұра ауданында қабан атқан браконьерлер табиғатты қорғау полициясының қолына түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Майлыкөл көлінің жанында екі қабанды атып өлтірген теміртаулық төрт тұрғынды ұстады. Олардың автокөлігі мен қар шанасы және мылтықтары оқ-дәрісімен қоса тәркіленді. Табиғатқа 848,4 мың теңге зиян келтірген браконьерлер өздерінің кінәсін толықтай мойындады. Егер де, күдіктілердің кінәлары толықтай дәлелденетін болса, онда оларға 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.