12 Қаңтар, 2016

Қазақстанда көлік сатып алудың жаңа әдісі пайда болды

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АСТАНА. 12 қаңтар. «Аллюр-Авто» автомобиль компанияларының тобы жеңілдікпен несиеге көлік алуды және трейд-инді біріктіруді ұсынды. Соған сай сатып алушылар ескі көліктерін автомобиль несиесін алу кезінде бастапқы жарна ретінде төлеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы «Аллюр-Автоның» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан даму банкі келушінің жеңілдікпен несие алу туралы өтінішін мақұлдағаннан кейін «Аллюр» несие алушының автомобилін сатып алады. Ал көліктің бағасы несие бойынша 20 пайыздық мөлшермен бастапқы жарна ретінде төленеді. Егер көліктің бағасы бастапқы жарнадан қымбат болса, айырмасы несиенің ай сайынғы төлемі есебінде банктің шотына түсіп тұрады. Бағдарламаның шарты бойынша Allur Auto компаниясы шығарылған жылына қарамай, ең қымбат дегенде 7000 АҚШ долларына бағаланатын көліктерді сатып алуға қабылдайды. Бағдарлама тек 50 JAC автомобиліне ғана арналған. Соның ішінде J5, J6, S3 және S5 модельдері қарастырылады. Бағдарламаға сәйкес, көліктің минималды бағасы 2,7 млн. теңгеден сәл астам болса, максимальді құны шамамен 4,4 млн. теңгені құрайды. Айта кетейік, Қазақстанда жасалған көліктерді сатып алу кезіндегі жеңілдікпен несие берудің шарттарына сай бастапқы жарна 20 пайызға тең. Ал пайыздық үстемесі 4 пайыз болса, сақтандыру және басқа да төлемдерімен негізгі бағаның үстінен барлығы 7,5 пайыз қаржы қосымша төленеді. Еламан Қоңыр. Дерек: «Аллюр-Автоның» баспасөз қызметі. Сурет: allurauto.kz.