12 Қаңтар, 2016

Сыбайлас жемқорлық бюросы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-tagaiyndau 01АСТАНА. 12 қаңтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: «2016 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасарлары болып Алик Шпекбаев пен Талғат Татубаев тағайындалды», – делінген. Алик Шпекбаев құқық қорғау органдары саласында мол тәжірибеге ие білікті маман. Әр жылдарда ол Алматы облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, Ішкі істер вице-министрі, Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Ал өз кезегінде Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлық істерін ашу жөніндегі департамент басшысының орынбасары және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі болды. Еламан Қоңыр. Дерек: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі. Сурет: tengrinews.kz.