13 Қаңтар, 2016

Парақор шенеунік 15 жылға сотталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-Қытай сурет 01Қытайдың бұрынғы қоғам­дық қауіпсіздік министрінің орынбасары Ли Дуншэн пара алғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Елдің орталық телевидениесі CCTV-ның хабарлауынша, үкім Тяньцзинь қаласындағы сотта шығарылған. Қылмыстық іс 2015 жылдың тамыз айында қозғалған болатын. Ли Дуншэн қызметтік лауазымын теріс пайдаланып, өзге адамдардың мүдделерін алға қойғаны, сондай-ақ, жалпы сомасы 21,98 млн. юань (шамамен 3,3 млн. АҚШ доллары) болатын пара алғаны үшін кінәлі деп табылған. Экс-шенеуніктің 1 млн. юаньды құрайтын жеке мүлкі тәркіленбек. Соттың бұл үкіміне бұрынғы саясаткер шағымданған жоқ. Айта кетейік, 2013 жылы желтоқсанда Қытай коммунистік партиясы Ли Дуншэнді «тәр­тіпті өрескел бұзуға күдікті» бол­ғаны үшін барлық атқарып отырған лауазымдарынан бо­­­сатқан еді. Қоғамдық қауіп­­сіздік министрінің орынба­сары қызметінен бөлек, Ли Дун­шэн министрліктегі партком хатшысының орынбасары және Қытай коммунистік пар­тиясының Бас хатшылығы мен Қытай Халық Республикасы Мем­лекеттік кеңесінде сек­тант­­тықтың алдын алуды бас­қар­ған. Ол қоғамдық қауіп­сіз­дік министрінің орынбаса­ры қызметіне 2009 жылы тағайын­далған. Ал 2012 жылы қараша айында өткен Қытай коммунистік партиясының XVIII съезінде Ли Дуншэн пар­тияның орталық комитеті мен оның саяси бюросына мүшелікке қабылданған еді. Ернар МҰХАМБЕТ.