13 Қаңтар, 2016

Жапония ісік ауруын анықтайтын құрылғы шығармақ

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-SensorАСТАНА. 13 қаңтар. Жапонияның ғалымдары адам бойындағы ісік ауруымен қатар ауыр кеселдерді тыныс арқылы анықтайтын, миниатюрлі сезімталдығы жоғары сенсорлы смартфон ойлап табуды қолға алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, жоба ісіне бірнеше ірі компаниялар мен Ұлттық институт және Осака университеті атсалысуда. Жоспар бойынша, құрылғы сырқат адамның тыныс алу жолдары арқылы аурудың белгілерін анықтайды. Смартфондарға жалғау арқылы өз бетімен анализ тапсыруға болады. Нәтижесі экран бетіне шығады. Осылайша, әркім денсаулығына қауіп төнген сәтте тексеріліп диагноз қоя алады. Ғалымдар құрылғының түптұлғасын жасап та үлгерген, алайда оны толығымен аяқтау үшін әлі де бірнеше жыл уақыт қажет. Сонсорды ықшам әрі қолжетімді бағада шығару жоспарланды. Сондай-ақ, ғалымдар құрылғы адам ішіндегі ісік шалған ағзаны бірден анықтап білетін атқарымын шығарады. Осыған байланысты, сенсор 2022 жылға дейін қолданысқа енбеуі мүмкін. Айта кетейік, Күншығыс елінде ісік ауруынан жылына 400 мыңға жуық адам қайтыс болады. Жергілікті дәрігерлер індеттің бұл түріне өте сирек анализ тапсыратынына алаңдаушылық білдіреді. Онколог мамандарының айтуынша, аталған аурудың бастапқы сатысында емделу мүмкіндігі жоғары болады. Ал бұл құрылғы қолданысқа енер болса, басты мәселенің шешілуіне үлкен септігін тигізері анық. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: laneros.com.