13 Қаңтар, 2016

Әскери қызметшілер жаңа пәнді оқитын болады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-45 АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жаңа әскери пәнді зерделейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл пән былтыр ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының базасында магистранттар үшін енгізіледі. Жаңа ғылыми пән – «Логистика» – логистикалық жүйені, әскери логистиканы, оның көліктік құрамдасын ұйымдастыруда, қойма шаруашылығын, қорлар мен ресурстарды басқаруда мол тәжірибесі бар АҚШ-тың сарапшыларымен әзірленуде. «Пән барлық топтар үшін, әскери-әкімшілік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету топтары үшін жүргізіледі. Логистиканың тақырыптарын анағұрлым терең зерделеу тылдық және техникалық қамтамасыз ету топтарымен, қалған топтар үшін әскери логистика негіздерін зерделеу жүргізілетін болады», деді ҰҚУ Ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері,  PhD докторы  полковник Айдар Бердібеков. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 13.01.2016 AST-46