2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы болып «ӨКМ операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.