13 Қаңтар, 2016

Батыс Қазақстанда полицияны балғамен ұрған ер адамға үкім шықты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-oral 01ОРАЛ. 13 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны полиция қызметкеріне қол көтергені үшін сотталды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нақты айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының үкімімен К. деген тұрғын Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, жаза шартты деп саналды. Нәтижесінде оған 3 жылға сынақ мерзімі кесілді. Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сотталушы К. өз үйінде арақ ішкен. Онымен шектелмей ол туыстарына зәбір көрсеткен. Кикілжіңді тоқтату мақсатында қызмет бабымен келген Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсетіп, пештің жанында жатқан балғамен полиция қызметкерінің басының сол жақ самайынан ұрған. Ол аздай полицияның күртесіне жабысып, сол жақ иығындағы шенін жұлып алған. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Темір Құсайын. Дерек: inform.kz. Сурет: express-k.kz.