Өткен жұма күні Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Almaty Management University оқу орнында болды.
Сапардың негізгі мақсаты «2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жобасы бойынша ұсыныстарды талқылауға арналды.
Аталған жоғары оқу орнының президенті Асылбек Қожахметов вице-премьерге Қазақстандағы алғашқы бизнес жоғары оқу орны туралы әңгімелеп, мемлекеттік бағдарламаның жобасына байланысты ұсыныстар білдірді.
Дариға Назарбаеваға жоғары оқу орнының виртуалды музейі айрықша әсер қалдырды. Мұнда дәстүрлі музейлерге қарағанда экспонаттар жоқ, оның есесіне инновациялық аспекті бар.
Вице-премьер үштұғырлы тіл нормаға айналған университеттің тілдік стратегиясына қызығушылық білдірді. Алғашқы екі жылда мұнда ағылшын тілін интенсивті түрде енгізу тәжірибеленеді. Ал студенттер мен қызметкерлер арасында қазақ тілін оқып-үйренуге ынталандыру ЖОО-да 2010 жылы құрылған «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерінің инновациялық әдістемелерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Жаңа пішімді менеджерлер дайындау кездесуде талқыланған маңызды тақырыптардың бірі болды. Осылайша, Д.Назарбаеваның айтуынша, ресторандық және қонақ үй бизнесі саласында елде кәсіби менеджментке деген өткір зәрулік байқалады. Осы салаға ақша салғандардың бәрі ақыр соңында шетелдік менеджерлерді шақыруға мәжбүр болады, деп атап өтті вице-премьер.
Д.Назарбаеваның пайымдауынша, тағы бір өткір проблема, ол қазақстандықтардың өз өнімдерін ілгерілете білмеуі болып табылады. Индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығы өтті. Біз кәсіпорындар, зауыттар салдық, жұмыс орындарын құрдық. Бірақ, ең басты проблема неде? Біз өз өндіргендерімізді сата білмейміз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы өте жақсы жолға қойылған, бірақ етті, жүн мен теріні сатуда үнемі проблемалар туындап жатады. Нәтижесінде, қытайлар мен түріктер келіп бәрін аздаған тиын-тебенге сатып алып кетеді. Біз арнайы мамандар дайындап жатсақ та, әлі күнге сауда жасап үйренген жоқпыз. Мұндай жағдай бүкіл Қазақстан бойынша орын алып отыр, деді Д.Назарбаева.
Кездесуде Алматы қаласын дамыту жоспары да талқыланды. Өкінішке қарай, қала экономикасындағы ЖОО-лардың рөлі, сол сияқты, өзге де экономикалық және әлеуметтік мәселелер аталған құжатта еш көрініс таппаған.
Кездесу қорытындысында Д.Назарбаеваға университеттің символы – хрусталь алма табыс етілді.
«Егемен-ақпарат».

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30