Кең байтақ Қазақстанда әртүрлі жиындар мен шығармашылық кештердің өтіп жатуы арнайы сөз ететіндей оқиға емес, десек те, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім айтқандай, жақында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың Түркия мен Әзербайжанда жарық көрген әйгілі «Ақ аруана» кітабының тұсаукесеріне және Түркияның аса беделді екі бірдей сыйлығын тапсыруға арналған әдеби кештің тағылымы мен тәрбиелік мәні зор болды.
«Ақ аруананы» түрік тіліне аударған түріктің көрнекті жазушысы Имдат Афшар Сәбит Досановқа Түркияның аса беделді екі бірдей сыйлығын – «Түрік әлеміне сіңірген еңбегі үшін» және Түрік әлемі әдеби қорының «Әдеби кеңістікті кеңейткені үшін» сыйлықтарын тапсырды. Осы әдеби кешке алыстан ат арытып келген Әзербайжан жазушысы Элхан Зал, Ресей Жазушылар одағы мен Мәскеудегі қазақ диаспорасының сәлемін жеткізген Мәскеу университетінің профессоры, академик Серік Тойғамбаев, Қырғызстан Президенті сыйлығының лауреаты, туысқан қырғыздың шоң ақыны Мархабай Ааматов, Өзбекстанның көрнекті қаламгері Мехманқұл Исламқұлов, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ғалым Жайлыбай, Алматы қаласы әкімінің өкілі Мамай Ахет, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Қазыбек Иса, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Серік Пірәлиев, Қостанай, Батыс Қазақстан облысы мен Астана қаласынан келген делегация өкілдері Сәбит Досановтың шығармашылығы, қоғамдық қызметі жайлы толымды ойлар толғады.
Университет ректоры Серік Пірәлиев ғылыми кеңестің шешімімен Сәбит Досановқа «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құрметті профессоры» деген атақ берілгенін айтты, ал Қазыбек Иса жазушының омырауына «Қазақ хандығына-550 жыл» күміс медалін тақты.
Жиын соңында сөз алған Сәбит Досанов елімізде бүгінгідей әдеби кештер мен мерейтойлардың өтіп жатуы Тәуелсіздік пен сол Тәуелсіздік туын тік ұстап келе жатқан Президент Н.Ә.Назарбаевтың дана саясатының, еңбеккер қазақ халқының кеңпейілдігі арқасында мүмкін болып отырғандығын айтып, «Бақытымызды бағалай білейік!» деп түйді өз ойын.
Әсем әнмен әрленіп, күмбірлеген күміс күймен көмкерілген бұл кеш той тойлау ғана емес, көрнекті тұлғалар ой толғаған тәрбиелік мәні зор, тағылымы мол тамаша кеш болды.
Назар ҚАСЫМ.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25