АСТАНА. 19 қаңтар. Америкалық саясаткер Пол Крейг Робертс АҚШ-тың Ресей Федерациясы мен Қытай халық республикасын саяси да, экономкалық тұрғыдан да жеңе алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Саясаткер АҚШ-тың сыртқы саясаты алаяқтыққа негізделген деп есептейді. Оның пайымдауынша, лаңкестікпен күрес жүргіземіз дегенді желеу етіп АҚШ қазірдің өзінде Ауғанстан, Ирак, Сомали мен Ливияны жойып жіберді. Сонымен қатар, егер «Ресей президенті алдын алмағанда» Иран мен Сирияны да тас-талқан етер еді.
Робертс қазіргі таңда Вашингтонның қуатты баламасы Ресей мен Қытайдың белгіленген стратегиялық альянсы екенін атап өтті. Саясаткер бұл альянс АҚШ үшін «тым қуатты болады» деп санайды.
Бұл жөнінде: «Ресей мен Қытай өздерінің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделеріне Вашингтонның қол сұғуына бұдан былай жол бермейді. Ресей мен Қытайға маңызды елдер осы альянспен қорғауға алынады. Болашақта көптеген елдер осы екі елден қорғаныш іздейтін болады», – дейді.
«Бұлардан басқа АҚШ ішкі саясатта өткір мәселелерді бастан өткеріп келеді», – деп жалғастырады сарапшы. Ал, Американың өзі «экономикалық айқаста жеңіліске ұшырады». Бұл негізінен елде Федералдық қор жүйесі мен Қазынашылық бақылайтын бос қаржы нарықтарының шындап келгенде қалмағанын көрсетеді.
«Сондай-ақ, елде жұмыссыздық белең алып келеді, ресми көрсеткіштер 5 пайыз», – дейді саясаткер. Сарапшының пікірінше, бұл сан тым төмендетіліп берілген. Себебі, жастардың 50 пайызы өмірлерін өз беттерінше қамтамасыз ете алмай отыр. Оның ойынша, «азғантай банктерге» қызмет көрсететін Федералдық қор жүйесі 2009 жылдағы дағдарыстан кейін экономикалық өрлеудің көрінісін жасай алды. Ал бұл кезде триллион доллар басылып шығарылып, «өз жолдарын» экономка емес, қаржылық активтер арқылы «тапты».
Робертс сыртқы және ішкі саяси факторлардың жиынтығы америкалық экономикалық өрлеу идеясын мүлде айқындамайды деп түйіндейді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: AP Photo.
• 19 Қаңтар, 2016
Америкалық саясаткер Ресей мен Қытайдың мықтылығын мойындады

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10