АСТАНА. 21 қаңтар. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесі «Әлемдегі экономикалық жағдай және оның болашағы» атты баяндамасында Brent маркалы мұнайдың осы жылғы орташа көрсеткіші барреліне 51 долларды құрайтыны туралы болжам жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Баяндама 2015 жылдың соңына таман дайындалған. Ал соңғы аптада бағаның күрт төмендегені есепке алынбады.
«Егер де 2016 жылы мұнайға деген сұраныс артып, ал өндіріс көрсеткіші қазіргідей қалар болса, бағасы барреліне 51 долларды құрауы мүмкін, ал 2017 жылы 62 долларға дейін барады деген болжам жасалады», – дейді баяндамада.
Сарапшылардың болжамы бойынша, биыл мұнай жеткізілімі өткен жылдың көлемінде болады (БҰҰ-ның есебімен күніне 95,9 миллион баррель). Алайда, АҚШ-тың мұнай өндіруі күніне шамамен 400 мың баррельге дейін азаяды деп топшылайды.
Ал сатып алушы мемлекеттерде мұнай қоры артады. БҰҰ мамандарының пікірінше, Еуропа экономикалық ынтымақтастықтық және даму ұйымына мүше елдерде 2014 жылдың соңына таман 2,7 миллиард баррельге жеткен және бұл көрсеткіш алдағы жылдары артып, рекордты деңгейге жетеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: mignews.com.
• 21 Қаңтар, 2016
БҰҰ: 2016 жылы мұнайдың орташа құны 51 долларды құрайды

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38