21 Қаңтар, 2016

Басты назарда – мамандық

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тоты ӘбдікәрімоваЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы мен «Ұлт Жоспары – қазақ­стандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақала­сында білім алу мен мамандық меңгеруге басты назар аударылған. Біздің Көлік және коммуникация колледжінде Елбасының Жолдауы мен мақаласы қызу талқыға салынды. Оларда айтылған басымдықтар мен тапсырмалар, жаңа бастамалар оқытушылар мен шәкірттер арасында түсіндірілді. Аталған маңызды құжаттарда білім беру мен мамандық игеру мәселелерінің басты назарда ұсталуының болашаққа бағыт берер мәні зор. Осы сөзімізге дәлел ретінде 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын айта кету абзал. Мұнда Елба­сы­мыз бас­тапқы маман­дықты иге­рем деуші­лерді тегін оқыту мәсе­лесіне тоқталды. Мем­­лекет бұл үшін қар­жы бө­леді. Оның қайта­ры­мы болатыны да сөз­сіз. Ол дегеніміз не? Осыдан бастап, мектеп бітірген және жоғары оқу орындарына түсе алмаған түлектер еліміздегі жұмыс­сыздар санын арттыра бер­мей, тегін түрде бір жұмысшы маман­дығын алып, өзіне нәпақа тауып, елі­міздің экономикасы мен әлеу­мет­тік хал-ахуалын дамытуға өз үле­сін қосады. Бұл мәселе жуырда Астана қаласы әкімдігінде болған жиналыста да ай­тыл­ды. Онда қала әкімі Әділбек Жақсы­беков жұмыс орындарын құруды қала әкімдігінің стратегиялық міндеті ретінде белгіледі. Елордалық жұмыспен қамту орталығы халықты, әсіресе, жастарды жұмыспен қамту және қай­та оқыту бойынша үлкен жұ­мыс атқаруда. Кадрларды даяр­лаудағы маңызды бағыт­тардың бірі техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту болып табылады. Алдағы уақытта техникалық кадр­ларды да­йын­дау бойынша озық орталық құру мәселесі қарас­тырыл­мақ. Келер жыл­дың қаңтар айынан бас­тап Астанада жо­ға­р­ғы сынып оқушыларын кәсіп­тік даярлауды ұйымдасты­руға бағытталған жоба іске қосылады. Айта кетер жәйт, колледжде 100-ден астам түрлі санат­тағы мұғалімдер бар. Екі жарым мыңнан астам студент 14 ма­ман­дық бойынша білім алуда. Біз­дің ұстаздар білім сапасын же­тілдіру, студенттерді бола­шақта тәжірибелі маман етіп шы­ғару үшін көптеген жұмыс­тар атқа­руда. Осы мақсатта дуал­ды оқы­ту жүйесі енгізілді. Бұл – дайын­­дықтың теориялық бөлігі білім беру ұйымда­рының базасында, ал практикалық бө­лігі жұмыс орындарында өтетін оқу түрі. Сондай-ақ, студенттерге қызметтің қай­наған ортасында жүрген теміржол саласының жұмыскерлері дәрістер оқып, тәжірибелерімен бөліседі. Теориялық білімдерін тәжірибеде бекітеді. Астаналық мұғалімдердің зор қол­дауына ие болған тағы бір қуанышты хабар, Елбасымыздың «Жаңа жылдан бас­тап бюджет қызметкерлерінің жала­қысы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкірт­ақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халық­тың болашаққа сенімін арттырады, алаң­сыз өмір сүруіне толық негіз бола­ды», деген сөзі. Осы бастамасымен Елбасымыз рес­публика мұғалімдері мен шәкірттерінің жағдайынан хабардар екендігін, олар­ға жағдай жасаудың аса қажет еке­нін баршаға паш еткендей. Біз өз кезе­гімізде Елбасының алдымызға қойған міндеттерін орындауға барлық күш-жігерімізді салатынымызға сендіргі­міз келеді. Еліміздің болашағы болатын ­жастар тәрбиелеуде құлшына еңбек ­ ете беретін боламыз. Қазақстан халқы ешкімнен кем емес, керісінше, бірқатар елдерден білімі, ілімі жағынан алда тұр. Осы үрдістен шыға білейік. Тоты ӘБДІКӘРІМОВА, Көлік және коммуникация колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. АСТАНА.