Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтті. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың басқаруымен өткен жиында 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслиxаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың тиісті күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы қаулы қабылданды.
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің дауысқа салуымен Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарлары, сондай-ақ, аталған науқанды ұйымдастыруға қажетті сайлау құжаттарының үлгілері бекітілді.
Сондай-ақ, отырыста Парламент Мәжілісі өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын 2016 жылғы 20 наурызға және Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 21 наурызға тағайындағаны атап өтілді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өз кезегінде: «Біз бүгін мәслиxаттар депутаттарының сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдадық. Бұған қоса, біз Мәжіліс пен мәслиxаттардың сайлауларына қатысты қалыпты құжаттарды бекіттік. Олардың барлығы стандартты құжаттар», – деді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36