Парламент депутаттарының кезектен тыс Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауларын өткізу жөнінде Елбасының атына үндеу қабылдағаны белгілі. Осы үндеу Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып отыр. Соған сәйкес республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Заңды күші бар бұл қабырғалы құжат бүгінгі уақыт талабынан, бүгінгі атқарылатын істі ертеңгі күнге қалдырмау қажеттілігінен туындағаны белгілі. Осыған байланысты біз кеше кешке Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Дос» қоғамдық қорының төрайымы В.К.ШОХИНАНЫ телефон арқылы сөзге тартқан едік.
– Вера Кузьминична, Президент Жарлығының мәні мен маңызын қалай түсінесіз?
– Жарлыққа қол қойылуын толығымен қолдаймын. Мұндай қадам ауқымды экономикалық жағдайларға және қазіргі кезеңнің күрделілігіне байланысты болып отырғаны сөзсіз. Қазіргі күні Ұлт Жоспарының практикалық кезеңі басталып та кетті. Соған орай дағдарысқа қарсы шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын жедел түрде өткізу қажеттілігі туындады. Елбасы атына Парламент депутаттарының үндеу қабылдауының басты сыры да осында. Аталған сайлау өз уақыты бойынша алғанда алдағы күзге белгіленгені белгілі. Бірақ әлемдік экономикалық ахуалдың қиындауына байланысты мемлекет тарапынан жедел іс-шаралар алу қажеттілігі туындады. Солай болды да. Мұның басты көрінісі Елбасы Жарлығының жариялануы болып табылады.
Елбасы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында мемлекетіміз бен қазақстандықтардың экономикалық дағдарыстың ықпалын қатты сезінбеуі және республикамыз барынша дамыған отыз елдің қатарына кіру бағытындағы мақсатына жетуі үшін тиісті міндеттерді айқындап берді. Депутаттар мен Елбасы осының бәрін ескеріп бүгінгідей қадамға барып отырғаны анық. Алдағы уақытта сайланатын депутаттар корпусының жаңа құрамы ел экономикасын және басқа да әлеуметтік-мәдени салаларды жаңғыртуға тың серпін бере алатынына сеніміміз мол.
Жазып алған
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36