Бүкіл әлемдегі, сондай-ақ, ТМД мен өз еліміздің ішіндегі соңғы дағдарыс мемлекетіміздің алдында мүлдем тосын мәселелер туындатты. Бүгінгі қалыптасқан осынау саяси-экономикалық ахуалдың азаматтарды мүлдем басқаша, жаңаша ойлауға итермелеуі заңды құбылыс. Бар жайтқа жаңаша көзқараспен қарауға тура келеді. Сол себептен де қазіргі Парламент Мәжілісінің заман көшіне ілесе алуы екіталай. Олардың өз тарапынан ұсыныс дер кезінде түсті, Президент дер кезінде оны қабыл алды деп ойлаймын.
Ендігі мәселе, менің өз ойым – жаңа сайланатын Мәжіліске ең алдымен елдің қамын қазіргі уақыт тұрғысынан ойлайтын, намысын жыртатын азаматтар сайлануы тиіс. Одан халық та, Үкіметіміз де ұтады. Ал енді ондай болмаған жағдайда жаңа сайланған Парламенттің өзі тығырыққа тіреліп қалары даусыз.
Қазіргі әлемдік дағдарыстың елімізге тигізіп отырған бес батпан салмағы, оның қиындықтары Қазақстанның қарапайым тұрғындарынан бастап танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне дейін белгілі болып қалды. Демек, қазақстандық арманға бастайтын Ұлт Жоспарын жеделдетіп жүзеге асыратын ұлттық саяси реформалар қазіргі күрделі кезеңде өз жолын табуы үшін жаңадан сайланған халық қалаулыларына – Парламент мүшелеріне арқа сүйейді. Экономикалық реформалар жобасы да бұрынғыдан бетер ширай түседі. Жаңа Парламентте жаңа бағытты ту етіп ұстайтын, жоғарыда айтылған мүдделерді өз мүддесінен жоғары ұстап, алға қойған 15 азамат болса жетіп жатыр. Одан көп болса, бәрі бірдей солай ойласа, тіпті – игі. Сонда Парламентіміздің атқаратын қызметі де басқаша болады, уақыт көшінен бір қадам да қалмайды.
Қазір бұдан 20-25 жылдағыдай емес, Қазақстанның еңсесі көтерілді, көздеген мәртебесі де биік. Дүниежүзінің алпауыт мемлекеттерімен араласымыз күшейді, байланысымыз нығайды. Сондықтан да алдағы уақытта мемлекетіміз әлемдік тәжірибенің ең дұрысын таңдап, ең озығына ғана мойын бұруы керек. Тәуелсіз Қазақстан халқының – бәріміздің арманымыздың өзі сол емес пе?
Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ,
«Мысль» журналының бас
редакторы, саясаттанушы.
АЛМАТЫ.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36