21 Қаңтар, 2016

Тағайындау

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016-tagaiyndau 01Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Айтмұхаметұлы Айтмұхаметов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Мархат Даниярұлы Арунов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды.