21 Қаңтар, 2016

Сыйлыққа... үшінші әйел

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласында тұратын 70 жастағы ер кісі өзінің екі әйелі сый ретінде... үшінші әйел алып бермек болғанда, қатты таңданғанынан үні шықпай қалыпты. Мұның қалжың емес, шындық екеніне көзі жеткенде де отағасының таңданысында шек болмапты. Ал күйеулерінен көп кіші екі әйел өзара ақылдаса келіп, өздері қатты сыйлайтын оған үшінші әйелді тарту еткенді жөн көріпті. Олар мұнымен де шектелмей, үй иесіне сай келетін бойжеткенді өздері таңдап және оны келістіріп қойыпты. Сөйтіп, үйлену тойының рәсімін де өздері бастап кеткен. «Мен басында мұның бәрін өзімді ақымақ етудің жолы шығар деп ойлағам. Бірақ олардың соншалықты беріліп істеп жатқан тірліктерін көргенде, сенбеске амалым қалмады. Мұны екі әйелім маған деген құрметтері мен алғыс сезімдерінен туған нәрсе екенін айтып жеткізді», – дейді жұбайлары әрекетінен асып-тасқан Авад бин Ауаймер Ас-Суайби есімді ақсақал. Авад қарияның үйлену тойы Эт-Тайфте екі әйелінің мұқият қадағалаулары мен қырағы көзбен қараулары аясында өтті. Әйелдер өз күйеулеріне «бал айын» да ұйымдастырып берді. «Мен олардың маған жасаған бұл жақсылықтарын ешқашан ұмытпаймын», – дейді мұсылман атай жадыраңқы жүзбен. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.  
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024