21 Қаңтар, 2016

Қолды болған 817 ірі қара

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола полицейлері осынша малды иелеріне қайтарып бергізді Ақмола облысы ішкі істер ор­гандарының қызметкерлері өт­кен жылы мал ұрлығының жай-жап­сарларын ашуда айтар­лықтай пәрменді жұмыстар жүргізді. Олар бұл ретте қыл­мыстың алдын алуға көбірек көңіл бөліп, жасалғалы тұрған көптеген қолайсыз істердің жолын кесіп үлгерді. Осы мақсатта тәртіп сақ­шы­лары елді мекендерде мал қараушылар санын кө­бейте түсуге ықпал жасады. Сөй­тіп, өткен жылы олардың қата­ры 65 адамға жетті. Мал қарау­шылардан бөлек, малды бағу жағын да айрықша назарда ұстады. Осының ыңғайында «үш жақты» келісімшарт жасау, малға ен мен таңба салу мәселелері қатаң бақылауға алынды. Жыл ішінде жасалған келісімшарттар 2844-ке дейін көтерілді. Ұрланған малды айдап әкетудің болжамды орындары көрсетілген карта-кес­те жасалды. Сол орындардың ор­наласу ерекшеліктері ескеріле отырып, жан-жаққа 53 блок-бекет қойылды. Бұған қоса, Астанаға баратын жолдарға 6, Көкшетауға кіретін жолдарға 3 бекет топтастырылды. Олар жыл ішінде 1329 мал басын, терісі сыпырылған 3012 мал етін, сондай-ақ, оларды тасымалдаушы 1063 автокөлік құралдарын тексеріп шықты. Осындай пәрменді жұмыс­тардың арқасында 2016 жылы облыста мал ұрлығы ауыр түрінің ашылуы 66,7 пайызға өсті. Ал орташа ауырлықтағы қылмысты ашу 23,8 пайызға артты. Бұл жұмыстардың қорытындысында қолды болып бара жатқан 817 мал өз иелеріне қайтарылды. Ақмола полицейлері былтыр айтарлықтай табысқа жеткізген жұмысты биыл да жалғастырып келеді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.