21 Қаңтар, 2016

Көңіл марқайтқан көрікті көрме

553 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
NIK_9726Жуырда Астанадағы Ұлттық музейде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тариxтан тағылым» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Сөйтіп, «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында 18 қарашадан бері жалғасып келе жатқан «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрменің жұмысы қорытындыланды. Шараға №56 мектеп-лицейінің шығармашылық тобы қатысып, тарихи ме­кенді жырға қосып, күм­бірлете күй тартты. Бұл игі шараның түпкі мақсаты Батыс Қазақстан облыстық музей қорлары арқылы елорда тұрғындары мен қонақтарына Ақ Жайық өңірінің материалдық және рухани мәдениетінің баға жетпес құндылықтарын көрсетуді және өлке тарихымен тереңірек таныстыруды көздеген екен. Айта кетейік, Орал қаласындағы бұл музей – Қазақстандағы ең кө­не музейлердің бірі, оның іргетасының қаланғанына биыл 180 жыл толмақ. Көрмеде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған үшбұрыш, шырша, ромб өрнекті қыш, шы­ғыр құмыралар, Жайық қалашығының орнынан табылған кесене қалдықтары және кірпіш тастар, сонымен қатар, б.д.д VІ-V ғасырларға тиесілі Тақсай оба-кеше­нінен 2012 жылы (БҚО Те­ректі ауданы, Долинное ел­ді-мекені) табылған «Ал­­тын ханшайымның» жаң­­ғыртылған нұсқасы, ежел­гі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел жерленген жердің өртенген ағаш бөренелері, ғұрыптық ыдыс­тар қойылған. Бұ­ған қоса, 1969 жылы Сан­тас жонындағы обалардан табылған қыпшақ жау­ын­герінің мүрдесі, қа­ру-жарақтары, Е.Пуга­чев бүлігін басуға қаты­су­шы­ларға 1775 жылы орыс пат­шайымы ІІ Екатерина сый ретінде берген қолғап, орыс ақыны А.Пушкин, Кіші жүздің соңғы ханы Жәң­гір хан мен Фатима ха­ным киген киімдердің көшірмелері көрмені қызық­таушы жұртшылықты бей­­жай қал­дырмаған сы­ңайлы. Сон­дай-ақ, А.Н.Ха­рузиннің 1891 жылы жа­рық көрген «Киргизы Бу­кеевской Орды» атты кі­табы, Батыс Алашорда мен Ұлы Отан соғысы кезе­ңін­дегі мұрағаттық құ­жаттар көпшілік назарына ұсынылған. Бас-аяғы 250-ден астам бағалы экспонаттар қойылған бұл көрмеде атақты күйші Дина апамыздың камзолы, Дәулеткерей, Құр­манғазы, Мұхит, Сей­тектердің дом­бырасы, тіпті, олар тұтын­ған күнделікті тұрмыстағы заттары ас­таналық қонақ­тарды сол дәуірге саяхат жасатқандай күйге бөледі, дейді музей қызметкерлері. Онда Тайыр Жароков, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мыр­за Әлі сияқты атақты қалам­герлердің ұстаған заттары мен сахна саңлақтары Хадиша Бөкеева, Роза Жама­нованың, Ақ Жайықтың Ақ Ша­ға­ласы атанған ақын Ақ­ұштап Бақтыгерееваның сахналық киімдері қойылған. Ұйымдастырушылардың ай­туынша, алдағы уақытта да мұндай көрнекілігіне көз тойып, көңіл марқаятын көрікті көрмелер қатары молая түспек.  Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.