АТЫРАУ. 21 қаңтар. Атырау облыстық ішкі істер департаментіне арнайы мақсаттағы FB 38STAB SF катері 2013 жылы мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық конкурс нәтижесімен алынды. Катердің жалпы құны 178 млн. 571 мың теңгені (қосымша құн салығынсыз) немесе 958 мың 488 еуроны (қосымша құн салығын қосқанда) құрады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жеткізушінің ақпараты бойынша, катердің жалпы құнына келесі шығындар кіреді: 95 мың еуро – қосалқы жабдықтар: навигациялық жабдық, радар, Intercom жүйесі, кемені басқарудың (порттағы маневрлер) ішкі блогы, артты көрсету камерасы, қару қоятын тұғыр, катердің алдыңғы бөлігіндегі айналатын орындық; 25 мың еуро – Алматыға дейін жеткізу, сақтандыруды қоса есептегенде; 117 мың еуро – елге кіргізгендегі баж салығы, 20% есептеу; 84 мың 240 еуро – импорттық 12% қосымша құн салығы; Осылайша, кедендік рәсімнен кейін катердің өзіндік құны 786 мың 240 еуроны құрады, дистрибьютордың маржасы – 20% (157 мың 248 еуро); 15 мың еуро – сатып алуды қаржыландыру, банктің ақша аудару комиссиясы. Нәтижесінде Атырау қаласында катер бағасы 958 мың 488 еуроны (сол кездегі курспен 196 млн. 490 мың 40 теңге) құрады», – делінген Атырау облыстық ішкі істер департаменті таратқан арнайы хабарламада.
Бұл катер Каспий теңізінің акваториясында патрульдік-инспекциялық қызмет атқару үшін арнайы жабдықтармен жарақталған. Катер әрқайсысының 500 ат күші бар қос дизельдік қозғалтқышпен жарақталған. Жалпы қуаты 1000 аттың күшіне тең. Ең жоғары жылдамдықпен жүретін катермен «су полициясының» қызметкерлері заңсыз айналымнан 166 тонна балық, оның ішінде, 5 тонна бекіре тұқымдас балық, сонымен бірге, 200-ге жуық жүзу құралдары тәркіленгені айтылады. Алайда, катердің қай елден тапсырыспен әкелінгені хабарланған жоқ.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: nur.kz.
• 21 Қаңтар, 2016
Атырау полицейлері 958 мың 488 еуроға катер сатып алды

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35