АТЫРАУ. 21 қаңтар. Атыраудағы №5546 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет ететін сержант Мұхтар Өрбісінов «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еске сала кетелік, бұған дейін әскери сержант Мұхтар Өрбісінов өз үйі маңындағы «Атаба» супермаркетінде есінен танып қалған 1,5 жастағы Мәдинаны өлімнен құтқарып қалуға көмектескенін хабарлаған едік. Ол өзі шақырған «жедел жәрдем» биргадасы келгенге дейін фельдшер мамандығын меңгерген әйелі Самалмен бірге кішкентай бөбектің дене қызуы түсуіне, өз-өзіне келуіне қол ұшын созған болатын. «Жедел жәрдем» бригадасы ерлі-зайыпты Мұхтар мен Самалдың алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсеткенін жоғары бағалады. Ал Мәдинаның әкесі Ерболат Дәулетқалиев әскери бөлім басшылығына сержант Мұхтар Өрбісіновтің қызының өмірін сақтап қалуға көмектескеніне алғыc білдірген хатын жолдады.
Ұлттық гвардия «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қ.Ақтановтың бұйрығымен келісімшарт қызметінің сержанты Мұхтар Өрбісінов «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні арнайы өткізілген салтанатты шарада №5546 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы Е.Юдин тапсырды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 21 Қаңтар, 2016
Атырауда бүлдіршінді құтқарған сержант марапатталды

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35