21 Қаңтар, 2016

Ақтауда атылып өлді делінген әйелдің туыстары полициямен келіспейді

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
21-01-2016-aktau 01АҚТАУ. 21 қаңтар. Ақтауда атылып өлді делінген әкімдік күзетшісінің туыстары полицияның дерегін жоққа шығаруда. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz  тілшісі хабарлады. Туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншектің өз-өзіне қол жұмсауына ешқандай негіз жоқ. Келіншек қайтыс болардан бұрын 33 жасын тойлауға дайындалып жүрген, сондай-ақ, туыстары оны обыр дертіне шалдыққан деп полицейлер таратқан ақпараттың жалған екенін айтты. Олар полиция лейтейнанты әкімдікте сыбайлас жемқорлықтың куәсі болған соң қасақана өлтірілді деп санайды. «Ешқандай ауруы жоқ. Дені сау. Өз жұмысын сүйіп жасайтын қыз қыршын қиылып кетіп отыр. Үлкен коррупция болған қалалық әкімдікте. Соны бұл қыз көреді, біледі. Олар қызымның көзін жоқ қылып, мылтығын қолына ұстатып кеткен», – дейді марқұмның анасы Мариза Құрақова. Туыстарының күмәндануына оқиға болған кезде әкімдіктегі бақылау камераларының түгел өшіп қалуы мен тергеушілердің қауіпті кесел туралы жауабы себеп болып отыр. Маңғыстау облысындағы онкологиялық орталық Қарлығаның тіркеуде жоқ екенін растайтын анықтама бергеніне қарамастан, полиция оның науқас екенін тағы бір растады. «Мұқанова Демина деген азамат бірге жұмыс істеді, әкімдіктің диспетчері болып. Екеуі бірге отырады, шәй ішеді, әңгімелерін айтады, сол кісіге айтыпты өзінің ауыратынын», – дейді бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Алдирза Қуанышкереев. Мұқанованың өзі көп ұзамай жұмыстан кеткен. Ал әкімдіктің бақылау камераларында қайғылы оқиғаға дейін ақау болды дейді полицейлер. Қазір аталған іс бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы негізінде тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер де жоқ емес. Енді оқиғаның мән-жайы екі айдан кейін дайын болатын сараптаманың қорытындысы бойынша анықталмақ. Қарлығаның күзет басқармасында жұмыс істеп жүргеніне 11 жыл болыпты. Желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Ақтау қаласы әкімдігіне кезекшілікке түскен келіншектің мәйітін әріптестері әжетханадан тапқан болатын. Сол кезде тергеушілер оның өз-өзіне қол жұмсауына обыр дертіне шалдығуы себеп болуы мүмкін деген еді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: tumba.kz. 21-01-2016-aktau 02 21-01-2016-aktau 03
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024