АСТАНА. 21 қаңтар. Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин қызметінен босатылды. Осы туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 19 қаңтарда қол қойды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін Энергетика министрлігінде Ұзақбай Сүлейменұлын құрметті демалысқа шығарып салуға орай салтанататты жиын өтті. Оған Министрлік басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиында Ұзақбай Қарабалин барша әріптесіне бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы уақыттағы еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, ол «Министрліктің алдында нақты әрі ауқымды мақсаттар тұр. Ведомство қызметкерлері ол істерді жауапкершілікпен атқаратындарына сенімдімін», – деді.
Ұзақбай Қарабалин 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдарда бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған ол 2014 жылдың тамыз айында энергетика вице-министрі болып тағайындалған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
• 21 Қаңтар, 2016
Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлікке шықты

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35