21 Қаңтар, 2016

Батыс Қазақстанда КПО хандықтың 550 жылдығына 100 млн. теңге бөлді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016-oral 01ОРАЛ. 21 қаңтар. Батыс Қазақстан облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауына орай КПО б.в. компаниясы 100 млн. теңге бөлді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Компанияның бас директоры Ренато Маролидің мәлімдеуінше, соңғы екі жылда КПО б.в. облыс көлемінде 7 әлеуметтік жобаға 3 млрд. 706 млн. теңге бөлген. Қадыр Мырза Әлі шығармашылық үй кешеніне – 990 млн. теңге, Орал қаласының Сарайшық, Сырым Датұлы автожолдарын жөндеуге 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, Хамза Есенжанов атындағы көшеден бастап Деркөл елді мекеніне дейінгі жолға 1 млрд. 18 млн. теңге ақша жұмсалған. Ренато Маролидың ақпараттарына сүйенсек, осы жер қойнауын пайдаланушыны әлеуметтік инвестициялары шеңберінде Жәнібек ауылында 290 орындық балабақша, Орал қалалық демалыс саябағында жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына – 31 млн. теңге, оған қоса Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға 100 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. Жер қойнауын пайдаланылып жатқан Бөрлі ауданын алатын болсақ, жоғарыда атап өткен КПО б.в. әлеуметтік инвестициялары қаржысына 2014-2015 жылдары 146 млн. теңгеге Жаңаталап ауылында су құбыры өткізілді. Сонымен қатар, Конечная мен Октябрьская ауылдарында 390 млн. теңгеге көшелер абаттандырылған. Бөрлі аудандық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге – 741 млн. теңге және Қанай ауылдық су құбырын қайта қалпына келтіруге 151 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.