ҚАРАҒАНДЫ. 23 қаңтар. Қарағандыдағы С. Сәпиев атындағы бокс орталығында Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл күні шаршы алаңның төрінде қос команда «Астана Арланс» пен «Баку Файрс» шын мықтыны анықтады. Екі команда арасындағы тартысты кездесулер 4:1 есебімен қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің пайдасына шешілді.
«Астана Арландары» клубына алғашқы жеңісті 49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов әкелді. Ол өзінің қарсыласы Джавид Дадашовтан 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен басым түсті. Бұдан кейін рингке көтерілген Мейірболат Тоитов 56 кило салмақ дәрежесінде Яраш Магомедовті бетқаратпай жеңді – 3:0 (49:44, 50:43, 49:44). 91 килода болған үшінші – шешуші жекпе-жекте Еркін Мұхамеджан қарсыласы Хадж Муртузалиевті ұпай санымен ұтып, астаналық жартылай кәсіпқой клубқа жалпыкомандалық жеңісті сыйға тартты.
Жалпы есепке өзгеріс енгізе алмайтын төртінші жекпе-жекте жерлесіміз Асхат Уәлиханов (64 кг) Гайбатулла Гаджиалиевтен 0:3 (47:48, 46:49, 47:48:47) есебімен ұтылып қалды.
Ал соңғы жұп – 75 кило салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов пен Бадри Хардзиани арасындағы айқас 3:0 (49:46, 50:45, 50:44) есебімен біздің боксшының жеңісімен аяқталды.
Қайрат Әбілдинов.
Сурет, дерек: egemen.kz.
• 23 Қаңтар, 2016
«Астана Арландары» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48