23 Қаңтар, 2016

Көкшетау баскетболшы қыздары күштілік танытты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-01-16-bask-1

КӨКШЕТАУ. 23 қаңтар. Көкшетаудың «Оқжетпес» әйелдер баскетбол командасы өз алаңында Одессаның Interkhim-SDUSSHOR-2» клубын қабылдап, екі рет жеңіске жетті. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығының» мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Матчтар 21-22 қаңтар күндері ойналды. Олар Балтия әйелдер баскетбол лигасының (БӘБЛ) 2015-2016 жылғы чемпионаты шеңберінде Шортандыдағы «Жақсы» спорт базасында өтті. Бірінші ойында алаң иелері украиналық әріптестерінен 91:65 есебімен басым түссе, келесі кездесуде 78:75 етіп ұтысқа жетті. Осы жеңістердің нәтижесінде «Оқжетпес» лиганың «А» тобы бойынша турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді. Еске сала кетейік, Балтия әйелдер баскетбол лигасының чемпиондығы атағын Қазақстан, Беларусь, Латвия, Украина және Литва елдерінің 10 командасы сарапқа салып жатыр. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола медиа орталығы.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше