23 Қаңтар, 2016

Көкшетауда болған өртте зейнеткер әйел қаза тапты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-01-16-pojar_kokshetau-1

КӨКШЕТАУ. 23 қаңтар. Көкшетау қаласында жеке үйде орын алған өрттің салдарынан зейнет жасындағы әйел қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, облыс орталығындағы жер үйде орын алған бұл өрт бейсеенбі күні таңертең тіркелген. «Өртті сөндіру барысында үйден 1948 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Өрт 08:20 сағатта жойылды. Оның қамтыған аумағы 80 гаршы метрді құрайды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі абайсыздықтан болған», - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметіне сілтеме жасаған «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі үйден табылған әйелдің сыртқы келбетінен зорлықпен өлтірілу белгілерінің байқалмағанын жеткізді. «Марқұмның денесі қазір мәйітханада, оған сараптама белгіленді Өлімнің себебі, әзірге түтінге тұншығу делініп отыр», - деп атап өтті полициядағылар. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола облысьық төтенше жағдайлар департаменті.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше