АСТАНА. 25 қаңтар. Францияның полиция қызметкерлері және арнайы қызмет өкілдері жыл басынан бері терроризмге қатысы бар 15 күдіктіні тұтқынға алды. Оның бесеуі сот ісіне тапсырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Францияда 2016 жылдың басынан бері қолға түскен 15 күдіктінің бесеуі сот ісіне тапсырылды. Лаңкестер тобының алғашқы бөлігі қауіпті аймақтарға өткені анықталған күннен бастап, полиция қызметкерлерінің назарына 1022 адам іліккен болатын. Осыған байланысты 311 адам уақытша қамауға алынып, жартысына жуығы сот ісіне тапсырылған болса, 43 күдікті арнайы құрылған сот қадағалауында», – дейді Францияның ішкі істер министрі Бернар Казнев.
Бернар Казнев шекара қызметкерлеріне жұмыстарын асқан қырағылықпен атқаруды тапсырды. Себебі, қауіпті аймақтан келген лаңкестер қаза болған немесе қолға түскен тұрғындардың куәлігін қолданады деген пікірін айтты. Сондай-ақ, осыған байланысты арнайы топ құрып, бұл қызметке Еуропаның полиция қызметкерлері тартылуы қажет деген ұсынысын білдірді. Олар заңсыз жолмен жасалған куәліктерді анықтау ісімен шұғылданады.
Айта кетейік, 2015 жылы 13 қарашада Париж қаласының бірнеше орындарында теракт болып, жүзден астам адам қаза тапқан.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.
• 25 Қаңтар, 2016
Францияда 2016 жылы терроризмге қатысы бар 15 күдікті тұтқындалды

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09