АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. Азаматтық қорғау саласы бойынша мемлекеттік жүйені дамытуға және күшейтуге қосқан үлесі, өз қызметтері бойынша қол жеткізген жетістіктері үшін «Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы үздік жедел-құтқару жасағы» республикалық V байқауында «Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі топ жарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Астана қаласында өткен төтенше жағдайлар комитетінің алқа жиынында жасақ басшысы Қасымжан Байсадақовқа ұжым құтқарушыларының көрсеткен батыл іс-қимылдары және адамдарды құтқарудағы жедел әрекеттері үшін грамота және естелік сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, бұл ақтөбелік құтқарушылардың үшінші жеңісі, жасақ бұған дейін республика бойынша 2011 және 2014 жылдары бірінші орынды иеленген болатын.
Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға алған жасақ ұжымы өткен жылы 531 шұғыл шақыртуға барып, 351 адамды төнген қауіптен қорғап қалды. Осыншама адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Олардың күшімен облыстың өзен-көлдері мен тоғандарында суға кеткен 116 адам құтқарылды. Жол-көлік апатына ұшыраған және тұрмыстық сипаттағы апаттық жағдайға тап болған 226 адам құтқарылды.
Қазір облыстық жасақта 32 құтқарушы, 46 суға сүңгігіштер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі бірінші және екінші класс деңгейіндегі кәсіби мамандар болып табылады. Мекемедегі 28 автокөлік қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, 32 суға жүзу құралдары бар. Сондай-ақ, 14 күнге жететін азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май қоры жасақталған.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42
Қызылордада 18 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 16:58
АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Руханият • Бүгін, 15:50
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Қоғам • Бүгін, 15:23
ДДҰ дабыл қақты: Конгодағы Эбола індетінен 177 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:05
Қостанайда саяжайдан өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 14:41
Мемлекеттік күзет қызметі: Көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:19
Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды
Әлем • Бүгін, 14:05
Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:43
Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді
Спорт • Бүгін, 13:25
Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:04