АСТАНА. 26 қаңтар. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға дейін банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы «Өз үйім» бағдарламасын дайындады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама үш бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жеке әріптестік және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық. Қазіргі сәтте ЖАО-мен, екінші деңгейлі банктермен, құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде.
«Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылығы – Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін толық басымдық, шаршы метріне төмен баға, валюталық бағамға тәуелді болмау, үй сатып алуда ерекше жағдайлардың болмауы.
Бағдарламаға кез келген банк клиенті қатыса алады. Алайда, бірінші кезекте үй сатып алуға құқықты меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар ала алады. Мұның 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан айырмашылығы – соңғы екі жылда Алматы және Астана қалаларында тіркелу талабы болмайды.
Бүгінде бағдарлама шеңберінде орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5-тен 10 пайызға дейін. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс көлемі пысықталады. «Өз үйім» бағдарламасы аясында 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосымша болады. Банк салымшылары қолжетімді бағамен үй сатып алудың баламалы мүмкіндігін алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі салымшылардың ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй құрылысшылары мен жобаны таңдауын қамтиды. Бағдарламаны қаржыландыру банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: inform.kz.
Сурет: khabar.kz.
• 26 Қаңтар, 2016
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Өз үйім» бағдарламасын дайындады

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Бүгін, 21:45
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Бүгін, 21:14
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Бүгін, 21:00
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42