АТЫРАУ. 26 қаңтар. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ж.Қанахметовке қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 195-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк ірі залал келтіру) ақталған Ж.Қанахметовтің ісі бойынша 9 жәбірленушіден түскен апелляциялық шағымдарын және қала прокурорының наразылығын қарады. Сот алқасы жәбірленушілердің апелляциялық шағымдары мен прокурор наразылығы бойынша келтірілген мән-жайларды анықтап, сот басты талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процессуалдық заңнаманың елеулі түрдегі бұзушылықтары үшін Ж.Қанахметовке қатысты шығарылған ақтау үкімінің күшін жою туралы қаулы шығарды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 323-бабына сәйкес қылмыстық іс заң бұзушылықтарды жою үшін Атырау қаласының прокурорына кері қайтарылды. Ж.Қанахметовке «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ж.Қанахметов 2014 жылы Playtcoin ЖШС ашып, азаматтардан ақшалай салымдар алған. Салынған сомадан 30% мөлшерінде ай сайын сыйлықақы төлеуге уәде еткен. Серіктестігіне 134 салымшыдан 83 миллионнан астам ақша түскен. Нәтижесінде олар құқық қорғау органдарына жүгініп, қаражаттарынан айырылып қалғандарын айтқан.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: news.ivest.kz.

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Бүгін, 21:45
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Бүгін, 21:14
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Бүгін, 21:00
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42