ҚОСТАНАЙ. 26 қаңтар. Қостанайда облыстық ішкі істер департаментінің жедел топтар қызметінің 2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел мәжілісі болып өтті. Онда Қостанай облысы бойынша қылмыстық ахуал біршама тұрақты болғанымен, оның ашылу көрсеткіші төмен екені айтылды. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәжілісте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов облыста жасөспірімдер қылмысының азаймай отырғанын айтты. Оның себебінің бірін департамент бастығының орынбасары Мейірхан Торғаев қылмыс жасаған жасөспірімдерді уақытша ұстайтын арнайы мекеменің жоқтығы және ата-аналарға бергенмен нәтиже болмай отырғанынан деп түсіндірді.
Мәжілісте облыс көлемінде жасалған қылмыстың ашылуы да нашар екені айтылды. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Мейірхан Торғаев: «Өзгенің мүлкін ұрлау орта ауыр қылмыстың 88 пайызын құрайды. Ал оның жыл бойындағы ашылу көрсеткіші 25 пайыздан аспады. Сонымен қатар орташа ауырлықтағы қылмыстардың ашылуы 29 пайыз болды», – деді. Мұның себебін сұраған ішкі істер министрлігі жедел жоспарлау департаментінің бастығы Қайрат Тыныбековке ол іздестіру, тергеу қызметкерлерінің тәжірибесіз жастар екендігін алға тартты. Ол тергеу қызметкерлерінің 60 пайызының жұмыс тәжірибесі әлі 5 жылға жетпейтіндігін айтты.
Облыста әр 10 000 тұрғынға 257 қылмыстан келеді екен. Сондықтан Тыныбеков қызметкерлерді үйретіп, бар күшті профилактикалық жұмыстарға салу керектігін айтты. Дегенмен әр тергеушіге 135 істен келеді. Норма бойынша ол 41-ден аспауы тиіс. Қылмыстардың ашылмауына қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы себеп пе, әлде жұмыс жүктемесінің шектен тыс көптігі себеп пе? Сонымен қатар Қостанайдағы қылмыс жасағандарды уақытша ұстайтын мекемеде жағдай жоқ, сондықтан іс сотқа берілгенше оларды Рудныйға апаруға тура келеді. Бұл да полицейлердің жұмысын қиындата, уақытты тығыздата түседі.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz.

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Бүгін, 21:45
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Бүгін, 21:14
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Бүгін, 21:00
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42