ТАРАЗ. 26 қаңтар. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жиын өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы, ірі кәсіпорындардың басшылары мен кәсіподақ комитетінің төрайымы қатысты. Басқосуда жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қысқартпау жолдары талқыланды. Жиын соңында облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ комитеті және ұлттық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы екі бағыттағы бірнеше меморандумдарға қол қойды.
Бірінші, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастық және екінші өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету.
Барлығы 16 меморандум болса, соның ішінде алтауы ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты. Аталған кәсіпорындарда барлығы 20 000 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді.
Ал, қалған 10 меморандум өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған меморандумдардың жалпы құны шамамен 28,1 млрд теңге.
Сондай-ақ, өңірде жұмысшылар мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты кәсіпорынмен меморандумға қол қою өз жалғасын табатын болады.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3952 кәсіпорын болса, оның 1721-сімен немесе 43,5 пайызымен ұжымдық келісім шарт жасалған.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Бүгін, 21:45
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Бүгін, 21:14
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Бүгін, 21:00
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42