АСТАНА. 26 қаңтар. Мәскеу қаласындағы аса ірі «Фуд сити» бөлшектік-көтерме сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаның ұйымдастырушысы Қазақстанның Сауда өкілдігі мен Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен KazFood бренді аясында «Призма групп» компаниясы болды.Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, Ресей бизнесі мен Қазақстан кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Салтанат кезінде Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанның азық-түлік тауарларының Ресей рыноктарына экспортын кеңейту қажеттігін айтып өтті. Шенеунік облыс әкімдігінің қазақстандық тауар өндірушілерге Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі мен Елшілігіне өзара іс-қимыл танытуда көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері ресейлік тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің 20-дан астам түрін ұсынды және таяу болашақта өнім түрлерін 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Ашылу рәсімінде ресейліктерге ет өнімдері мен деликатестер, жеміс-көкөніс консервілері мен балық деликатестері, сүт өнімдері, кондитер бұйымдары, бакалея тауарлары, шай, бал өнімдері, т.б. ұсынылды.
Аталған жоба қазақстандық өнім өндірушілер мен дистрибьюторларға жәрдем көрсету, Ресей аумағында қазақстандық экспорттың географиясы мен көлемін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды.
Талғат Райымбек.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: inform.kz.
• 26 Қаңтар, 2016
Мәскеуде «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20