Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған жағдаяттар еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді нақтылап көрсетіп берген.
Тарата айтар болсам, Елбасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын атап өтті. Бұл – қазіргі уақыттағы жаһандық дағдарыс кезінде жасалған батыл қадам болып есептеледі. Сондай-ақ, Елбасы «біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз елдің бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашатын» бағытымызды айқындап берді.
Бүкіл қазақ жұртының ежелден бергі ұлы арманы – егемен ел болу еді, міне, енді сол Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі де ширек ғасыр уақыт өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездескен ел болып қалыптасу жолындағы қиындықтардан Елбасының көреген саясаты, өлшеусіз еңбегі арқасында өттік. Ендігі алдымызда күтіп тұрған сындарлы кезеңдерден сүрінбей өту үшін осы мақаладағы айтылған өзекті түйіндерді негізгі нысан ете отырып, алға ілгерілеуіміз керек.
Елбасымыздың бұл мақаласындағы «Мемлекетті кәсібилендіру», «Құқық тәртібі және заңдылық», «Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу», «Сыртқы инвестициялардың жаңа көздері», «Инновациялық индустрияландыру көкжиектері», «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары», «Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол», «Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет», «Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін өзі басқаруға беру» және Ұлт Жоспары – Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасы» атты бөлімдерінде айтылған бағыттар бізді жігерлендіріп, қиындыққа мойымай, тек қана жеңіске жетуге үндейді. Нақтылай айтқанда, мақалада мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерді орындау үшін жұмыла қызмет етуіміздің қажеттігі, сонда ғана Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, іргеміздің берік болатыны ұғынықты жеткізілген.
Елбасының осы мақаласындағы құқық тәртібі және заңдылық аясында айтылған ұсыныстары мен ой-пікірлері де менің отандастарымды бейжай қалдырмасы анық. Себебі, Тәуелсіз еліміздің, азаматтарымыздың құқығы мен бостандығы ең маңызды орында тұрмақ. Сондықтан да, ең әуелі ел ішіндегі тәртіп пен құқықты қатаң сақтайтын заңның орны бөлек. Біз қоғамда тыныштықтың маңызды екенін білуге тиіспіз.
Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдер арасындағы алауыздық нәтижесінде туындап жатқан келеңсіздіктер мен жантүршігерлік оқиғалар бізге ынтымағы жарасқан ел болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр.
Мен Ауғанстан жеріндегі соғысты көрген адаммын. Соғыстың зардабы қандай болатыны әлі күнге көз алдымда. Сол бір ауыр жылдарды есіме ала отырып, бүгінгі біздің бейбіт те тыныш қоғамымызға қарап шүкір деймін. Мұның бәрі Елбасының сарабдал саясаты мен ел басқарудағы көрегендігінің арқасы. Сондықтан да, біз жалпы халық болып жұдырықтай жұмылған бірлікпен Елбасын қолдап-қуаттау арқылы «Мәңгілік Елдің» бейбіт туын желбіретіп, қазақстандық арманымыздың орындалуы жолында аянбай еңбек етуіміз керек.
Жангелді МАХАШОВ,
«Ауғанстан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының
бірінші орынбасары.
АСТАНА.

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20