Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды. Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді.
Сапардың басты мақсаты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Сапар барысында өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы зауытының өнімі – «Арлан» қазақстандық брондалған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, түнгі көру аспаптарының ОПК-оптикалық аспаптары мен көздеуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және олардың қолданылуымен жауынгерлік модульдер, 3 координаталы РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Иордания Хашимит Корольдігі Қарулы күштері Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техниканың IV халықаралық көрмесіне қатысатыны белгілі болды. Ал халықаралық көрмеде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ірі жаһандық компаниялардың қару-жарағы мен техникасы ұсынылатын болады. Шараға әскери мақсаттағы жетекші өндіруші елдердің бірқатар ресми өкілдері қатысады деп күтілуде.
Жер шалғайлығы мен қашықтығына қарамастан, екі ел арасында экономикалық, әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуда үлкен мүмкіндіктер бар екенін айта кеткен жөн.
«Егемен-ақпарат».

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше