27 Қаңтар, 2016

Мақсат – үйлесімді іс-қимыл үлесін арттыру

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Орталық сайлауҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын ұйым­дастыру мен өткізу жөніндегі дайын­дық жұмысының шеңберінде Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әдістемелік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Аталған жұмыс Ортсайлаукомның сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау про­цесіне қатысушыларды құқықтық оқыту және ақпараттандыру жөніндегі қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Ортсайлауком әзірлеген түрлі анық­там­алық және ақпараттық материалдар сайлауды ұйымдастырушылардың сайлау­ды әзірлеу мен өткізу жөніндегі кәсіби қыз­метінде, сондай-ақ, сайлау науқанына қаты­сушылардың олардың сайлау құқықтарын іске асыруына жәрдемдесуге бейімделген. Ортсайлаукомның тапсырысы бо­йынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірілген адамдары, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері мен тағы басқаларға арналған 8 ақпараттық плакат және 14 атаулы жаднама, әдістемелер, жинақтар және басқа да баспа өнімдері әзірленуде. Ал Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша әзірленген барлық әдістемелік материалдар оның www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Азаматтарды ақпараттандыру тиім­ді­лігін арттыру және олардың сайлауға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету үшін Ортсайлаукомның тапсырысы бойынша, сондай-ақ, республикалық телеарналарда, радиода, сонымен қатар, неғұрлым танымал аумақтық телеарналар эфирінде сайлау науқаны бойы көрсетіліп, дыбысталатын ақпараттық және жұмылдыру бейне- және дыбысроликтері әзірленуде. Сонымен қатар, елдің өңірлерінде сайлау туралы не­гізгі ақпаратты қамтитын және азаматтар­ды дауыс беруге қатысуға шақыратын ақпа­раттық және жұмылдыру билбордтары орналастырылады. Учаскелік сайлау комсиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленуде, ол ел­дің барлық аумақтық, округтік және учас­келік сайлау комиссияларына жібері­леді. Ортсайлауком, сонымен қатар, ақ­па­раттық және түсіндіру жұмыстарына, сай­лау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сайлау заңнамасы нормаларының қатаң сақталуына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді іс-қимыл жасайды, олардың барлық ақпараттық материалдарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін сайлау науқаны кезеңіне Ортсайлауком жанында тұрақты түрде жұмыс жасайтын баспасөз орталығы ашылғанын тағы да қаперге саламыз. Сәулебек БІРЖАН.