27 Қаңтар, 2016

Алматы алдағы сайлауға дайын

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
BEK_3241Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов елімізде 20 наурызда болатын Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың кезектен тыс сайлауларына әзірлік пен ұйымдастыру жұмыстары туралы айтып берді. Б.Доспанов қалада 578 сай­лау комиссиясы жұмыс істей­тіндігін, олардың 9-ы аумақ­тық, 37-сі округтік және 532-сі учаскелік комиссиялар екендігін айтты. Сайлау кезін­де аталған комиссияларда ха­лыққа 4046 адам қызмет көр­сететін болады. Сондай-ақ, ол сайлау алдындағы наси­хат жұмыстары партиялық үміт­керлер тізімін ұсынған партия­лар үшін үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан, қалалық мәс­ли­хат депутаттығына ұсынылған кандидаттар үшін 24 ақпаннан басталатындығын жеткізді. Алайда, әзірге қалалық мәс­лихатқа депутат болу үшін әлі бірде-бір үміткер өз өтінішін тапсырмаған. Қалалық сайлау комис­сиясы төрағасының айтуынша, Алматы қаласы әкімдігіне қарасты басылым беттерінде сайлау округтері мен учаскелерінің шекаралары және мекенжайлары, сайлау комиссияларының құрамы туралы толық ақпарат жарияланған. Қалаға кейіннен қосылған аудандардың аумағы айқындалып, заң талаптарына сәйкес сайлау округтеріне ен­гізілген және сайлау учас­келері бекітілген. «Алдағы сай­­лаудың барынша жоғары дең­гейде өтуі үшін барлық сай­лау учаскелері қа­жетті жаб­дықтармен қамтамасыз етіледі. Сайлау кезін­де Алматы қаласы бойынша 532 сайлау учаскесі жұ­мыс істейтін болады. Оны 37 округ, 8 аудандық және 1 қала­лық комиссия басқарады. Учас­ке­лерде міндетті түрде тәуелсіз байқаушылар болады. Сон­дай-ақ, әр жеті партиядан бір адамнан тәуелсіз сарап­шылар сайлау жұмысын қадаға­лайды. Алматы қаласы бой­ынша сайлаушылардың саны – 1 038 876 адам, біз олар­дың алдағы сайлауда жоға­ры белсенділік көрсетіп қаты­са­тын­дығына сенімдіміз», – деді Б.Доспанов. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.