27 Қаңтар, 2016

Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат-үлкеніСенат бюросы жоғарғы палатаның 2016 жылғы 28 қаңтарда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату туралы, сондай-ақ, халық­аралық үш құжатты ратификациялау туралы мәселені қарайды. Сенаторлар Қазақстан Рес­публикасы мен Чех Респуб­ликасы арасындағы Табыс пен капи­талға салынатын салыққа қатыс­ты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеу­ден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар кор­пусын дамыту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы ара­сындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды. Бюрода Мәжіліс мақұлдаған үш заң жобасы Сенат комитеттеріне бөлініп берілді. Одан басқа, Сенат Регламентіне сәйкес, Мәжілістің тарауына бай­ланысты төменгі палата Аппара­тынан сұратып алынған 20 заң жобасы бойынша Сенат қаулысымен бас комитеттер белгіленді.