Жақында ғана ақпарат құралдары Алматыда жедел жәрдем қызметінің екі дәрігеріне бір ер адамның шабуыл жасап, дене жарақатын салғанын жарыса жазды. Шынында, ел болғаннан кейін арасында теріс пиғылды жандар да болады. Ақ халатты жандар жедел қызмет ететіндіктен көмекке шақырған адамдардың қандай күйде, қандай ортада отырғанын бағамдауға мұршасы жоқ.
Жасыратыны жоқ, жұрт көбінесе жедел жәрдем қызметіне көңілі толмайтынын ашық айтып жатады. Рас, кей кездері ақ халатты жандардың шақыруға кешігіп баруы, науқас түрі бойынша бригаданың сәйкес келмеуі орын алады. Өйткені, «Жедел жәрдем» – аса шұғыл қызмет. Сондықтан, бригаданың дер кезінде жетіп, медициналық көмекті уақтылы көрсетуі үшін тұрғындар да біраз ережелерді ескеруі қажет.
Тараз қалалық медициналық жедел жәрдем стансасында 56 санитарлық автокөлік бар. Іс үстіндегі бригадалардың орташа тәуліктік саны – 42. Оның ішінде 1 жансақтау бригадасы, 3 қарқынды терапия бригадасы, 4 балалар бригадасы, 1 психотриялық бригада және басқа да бригадалар бар. Жыл басынан бері емханалардың жұмыс уақыты кезінде негізсіз шақырулар саны 53316-ны құрапты. Ал, жалған шақырулар саны 2015 жылдың 10 айында – 8718 болып отыр.
Сондықтан, жедел жәрдем бригадасын сауатты түрде шақырудың өзі науқастың өміріне араша болатын алғашқы қадам екенін түсіну қажет. Қысқа әрі нұсқа айтуға тырысыңыз. Жедел жәрдем стансасында арнайы бағдарлама орнатылған компьютерлер бар. Шақыруды қабылдаған диспетчер бағдарламаның барлық терезелерін түгел толтырмайынша, ақпарат, яғни, шақыру стансаға түспеген болып саналады. Сіздің әрбір дұрыс жауабыңыз ауру сипатын айқындай түседі. Жедел жәрдем келуден бас тартпасын деген оймен кей жағдайда жалған уәж айтатын жандар да кездеседі. Мысалы, іші немесе басы ауырып тұрса да ойланбастан «Жүрек ауруы» немесе «Өліп барады» деп айта салады. Мұндай жағдайлар медициналық көмектің шұғыл көрсетілуіне кедергі келтіреді.
Ұялғаны ма, қорыққаны ма, әйтеуір кейбір адамдар ішімдік ішкенін жасырғысы келеді. Бірақ бұл дұрыс емес. Науқастың ішімдік қабылдауы – жедел жәрдем көрсетуден бас тартуға себеп емес. Алкоголь жансыздандырғыш қасиетке ие. Ол мөлшерден тыс қабылданған жағдайда, ауру белгілері нақты емес. Ал егер науқас алкогольді көп мөлшерде қабылдағанмен, оны жасырып, жалған айтса, оның ауырлық жағдайы тиісті деңгейде бағаланбайды. Бұл кезде науқастың жалған сөйлегені үшін дәрігер ашуланса, ал білімсіз болып көрінген дәрігердің жайбарақаттығына науқас ызалана түседі.
Тараз қаласында медициналық жедел жәрдем қызметі халыққа тегін қызмет көрсетеді. Стансада білікті дәрігерлер мен кәсіби мамандар, маман сертификаттары бар фельдшерлер жұмыс істейді. Олардың көбі халықтың алғысына бөленген жандар.
Күлзахира ҚЫЗҒАРАЕВА,
Тараз қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары.
Жамбыл облысы.

Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше