ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Осыдан 12 жыл бұрын Мәскеуден ірі инвестор ретінде келген «Қазтрансавто» компаниясы жұмысшы-қызметкрлерге маңдай термен тапқан еңбекақысын уақытылы төлемей, сайдан санын, құмнан ізін таптырмай қашып кеткен. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen тілшісі хабарлады.
Шетелдің алпауыттың құрамына кірген 40-қа жуық шаруа қожалығы жылдап жалақы көрмегенін айтып отыр. Солардың бірі– Тайынша ауданына қарасты «Колос» астық қабылдау кәсіпорны. Мұнда жұмыс істейтіндер не істерлерін білмей дал. Мәселен, Самарбай Қойшығарин соңғы жалақысын осыдан 10 ай бұрын алыпты. Содан бері 200 мың теңгесін даулаумен жүр.
Элеваторда кезінде 80-ге жуық адам еңбек етіп, тұрақты жұмыспен қамтылса, бүгінде жалақы мен салық қарыздары ондаған миллионнан асып жығылады. Ғимараттар иесіз қалған. Былтырғы астық ору науқанына мүлдем қатыспаған. Ал банкрот жариялайын десе, аталған компанияның дүние-мүлікі банкте кепілде тұрғандықтан, рұқсат жоқ.
Айта кетейік, құрылтайшысы сол кездегі Мәскеу мэрі Лужков саналатын «Казтрансавто» фирмасы тақырға отырғызған шаруашылықтар Қызылжар өңірінде жүздеп саналады.
Өмір Есқали.
Дерек: облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сурет: damu.kz.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше