АТЫРАУ. 27 қаңтар. Атырау облысының Құлсары қаласында жергілікті тұрғын өз анасына зәбір көрсеткені үшін 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еліміздегі шағын қаланың бірі – Құлсарыда тұратын соқталдай жігіт басқа емес, өзін 9 ай құрсағында көтеріп, аялаған анасына тіл тигізіпті. Әрине, ол үйіне арақ ішіп келіп, мас күйінде анасын еш себепсіз боқтап-балағаттап, сүйрелеумен шектелмей, бетінен теуіп, соққы да жасаған. Баласынан боқтық сөз естіп, соққы жеу ана үшін оңай емес, ол қорғану мақсатында бетін алақанымен жауып қалған. Баласының өрескел әрекетінен әбден көңілі қалып, жүрегіне қаяу түскен ана сотқа жүгінеді. Өйткені, анасының сотта мәлім еткеніндей, баласы күн сайын үйіне арақ ішіп келеді екен. Өзі өсіп-өнген шаңырағының шырқын бұзып, берекесін кетіретін баласын жазалауды өтінеді.
Рас, сот отырысында кінәлі өз кінәсін толық мойындады. Сөйтіп, «Баламның табанына қадалған шөңге маңдайыма қадалсын» деп, есейсе де аялауын аямайтын анасынан кешірім сұрады. Тараптардың уәждерін тыңдаған Жылыой аудандық соты кінәліні Қылмыстық кодекстің 108-бабымен айыпты деп танып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде үкім шығарды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: rbc.ua.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше