АЛМАТЫ. 28 қаңтар. Осы жылдың соңына қарай Алматы қаласы өз бақшаларында өскен қияр, қызанақтарды пайдаланатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы уақытқа дейін шаһар тұрғындарын жаңа піскен, балғын көкөніс, жидектермен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келді. Бұл мәселе қыс айларында көкөністің бағасы шарықтап, 4-5 есеге қымбаттап, одан да көкейкесті бола түседі.
Толайым алғанда Алматы тұрғындары жылына кем дегенде 48,6 тонна, оның ішінде 34 тонна қызанақ, 14,6 тонна қиярды қажет етеді.
Ал қараша мен сәуірдегі маусым аралығында қалаға еліміздің оңтүстік өңірлерінде Өзбекстан мен Қытайда өсірілген көкөністер импортталады. Мәселен, тек өткен 2015 жылы Қытайдан тасымалданған көкөніс 7,2 тоннаны құраған. Бірақ осыған қарамастан отандық тауар өндірушілер қаланың қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан Алматы қалалық әкімшілігі осы мәселені назарда ұстап, 50 гектар көлемінде жылыжай кешендерін салуды қолға алды. Дәл қазіргі таңда 17 гектарлық жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бұл нысан осы жылдың қыркүйегіне қарай пайдалануға берілетін болады.
Аталмыш кешен жұмысқа кіріскен кезде жылына 8 тоннаға жуық балғын көкөніспен қамтамасыз ете алады. Бұл қаланың жалпы қажеттілігінің 16 пайызын құрайды.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 28 Қаңтар, 2016
Алматы 2016 жылы өз көкөністерін пайдалана алады

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше