өмірін пикетте өткізген әйел дүниеден озды
АҚШ-тың Вашингтондағы Ақ үйдің алдында 30 жылдан астам уақытын пикетте тұрумен өткізген әйел қайтыс болды. Ол осы жылдардың бәрінде биліктен бейбітшілік үшін күрес пен ядролық қарусыздануды талап етіп келіпті. Washington Post газетінің мәліметінше, Кончита Пиччотто есімді бұл әйел дүйсенбі күні бақилыққа аттанған. Бірақ оның нақты жасын ешкім білмейді, тек 80-нің маңайында екені ғана айтылып отыр.
Бейбітшілік жолындағы күрескер әйел жөнінде бұдан басқа да дерек аз. Ол 1960 жылы Испаниядан АҚШ-қа қоныс аударып келген. Содан кейін италиялық жігітке тұрмысқа шығып, бір қызды асырап алады. Алайда, кейін Пиччотто күйеуінің бала асырап алуда алаяқтыққа барғанын біліп қойып, одан ажырасады. Ал қыз бұрынғы күйеуінде қалады. Содан кейін олардың жолдары қайтып ешқашан тоғыспайды.
Кончита Пиччотто 1981 жылы бейбітшілік жолында күресушілер қозғалысына қосылады. Ол өзінің екі серіктесімен бірге АҚШ президенті резиденциясының солтүстік жақтағы есігіне қарсы бетте бекет құрады. Дегенмен, олардың қарусыздануға шақырған көптеген петицияларының бірде-бірі конгресте қарала қоймайды. Сонымен бірге, Ақ үйдің полициясы мен күзеті бұлардың бейбіт түрде қарсылық ниетін білдіріп жатқанына кедергі де келтірмейді. Алайда, заң бойынша, пикет жасаушы адамның бір өзін қалдыруға болмайтын еді. Сондықтан соңғы жылдары пікірлестерінен айрылған әйелдің жанына жас белсенділер келе бастады. Олар ұдайы бір-бірін алмастыратын еді, тек Кончита сол қалпы тұра берді.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29