28 Қаңтар, 2016

Жасөркенге болады спорт серік

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласы, Алматы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер арасында спортқа қызығушылықты ояту, саламатты өмір салтын насихаттау бағытында Алматы ауданы прокурорының кубогы үшін волейболдан жарыс өткізілді. Алматы ауданының №63 орта мектебінің спорт залы бұл күні спортты сүйетін өрен­дер мен олардың жанкүйерлерінің қолдаған, сүйінген, күйінген сәттерін­дегі үн қосуларымен ажарланып, ұйымдас­тырушылардың жасөспірімдердің ойын мәнеріне деген қызығушылықтарын да оятқан. Жауапты қызметтегі үлкен аға-апаларының қолдауымен өткізілген жарысқа қатысқан 6 мектептің де командалары әзірлікпен келіпті. Алматы ауданының №52, 63, 44, 29, 38, 73 мектептерінің оқушылары кубок жеңімпазын анықтау үшін әжептәуір терлерін төкті. Тұс-тұстан қолдаған бала дауыстар дем берген командалар спортқа деген ықыластарын көпшілікке көрсете отырып, ойынға бар ықыластарымен беріле, әрқайсысы өз мектептерінің намысы үшін жанталаса қимылдады. Әрине, жарыс болған соң оның жеңім­пазы болады да. Ең биік тұғырға зал иесі №63 мектеп-гимназиясының командасы көтеріліп, ІІ орынға №52 мектеп-гимназиясы, ал ІІІ орынға №44 орта мектеп шығып, жеңімпаздардың барлығы Алматы ауданы прокурорының кубогымен және спорт мерекесіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Ажар СЕЙДӘЗІМОВА. АСТАНА.