28 Қаңтар, 2016

Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеуеті зор

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Таяуда Ұлттық экономика ми­нистрлігі «Қазақстандық мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік орта­лығы» АҚ-пен бірлесіп, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Құсайыновтың төр­а­ғалығымен Шығыс Қазақ­стан облысының әкімдігінде «Мем­лекеттік-жеке­ше­лік әріптес­тік туралы» заңды түсіндіру бойынша өңірлік семинар өткізді. Семинарда мемлекет-жеке­­шелік әріптестігі (МЖӘ) жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру, МЖӘ-ні да­мытудың жол картасын енгі­зу мәсе­лелері, сондай-ақ, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңды түсіндіру, экономиканың барлық салаларында МЖӘ-нің жо­баларын жоспарлау және іске асыру мәселелері талқыланды. Марат Құсайынов МЖӘ бүгінгі таңда Үкімет пен өңірлер және бизнес арасында өзара тиімді, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудың шынайы баламасы екендігін атап өтті. «МЖӘ-нің дамуын одан әрі жылдамдату үшін Үкіметтің Дағ­­­да­­рысқа қарсы жоспарының ая­сын­да өңірлерді дамыту бағ­дар­ламаларына жылына кемінде 5 МЖӘ жобасын іске асыру индикаторы қосылды», деді бірінші вице-министр өз сөзінде. «Мемлекеттік-жекешелік әріп­­­тес­тік туралы» заңның мақ­са­ты қо­ғам­дық игіліктер мен көр­сеті­летін қызметтердің сапасын және қолжетімділік деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы мен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалып­тастыру және күшейту болып табылады. МЖӘ туралы заң жекеменшік нысандары бар кәсіпкерлерге (бала­бақшалар, медициналық мекеме­лер және т.б.) МЖӘ жоба­ларына бастама жасауға және бала­малы ұсыныстар болмаған жағ­дайда, конкурс өткізбей тікелей келіс­сөз­дер жүргізу негізінде шарт жасау мүм­кіндіктерін береді. МЖӘ туралы заң ғимараттарға, құрылыстарға ақпараттық жүйе­лерге тауарларды және көрсе­ті­летін қызметтер мен жұмыстарды дәстүрлі сатып алудан жеке сек­торға сервистік функцияларды беру арқылы сервистік моделге өту­ге мүм­кіндік береді. Мем­лекет­тік қолдау көрсетудің негізгі ша­расы ретінде тауарларды, жұмыс­тар мен көрсетілетін қызмет­терді сатып алуда ұзақ мерзімді кепілдемелер болады. МЖӘ туралы заңда жаңа жоба­ларды инвестициялық және опера­циялық шығындар өтемақысын, қолжетімділік және мемлекеттік кепіл үшін төлемді қоса алғанда, мемлекеттік қолдаудың барлық арсеналы сақталған. МЖӘ туралы заң қазақстандық МЖӘ орталығы тарапынан оның бар­­лық қатысушыларын толық қыз­­меттік қол­дауды, оның ішінде зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу; жобаларға сараптама жүргізу; жобалардың іске асырылуын бағалау; мамандарды оқы­ту; іске асырылуы жоспарланатын МЖӘ жобаларының тізбесін жүр­гізуді қарастырады. Орталық МЖӘ жо­ба­ларын консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді. МЖӘ туралы заң қабыл­дан­ғаннан бастап елімізде бәсекелестік диалог тетігі енгізіле бастады, онда мемлекет жоспарланатын МЖӘ жо­басы туралы жариялайды, ал бар­лық мүдделі тұлғалар жобаның тұжы­рым­дамасын, конкурстық құжат­та­маны талқылауға және әзір­леуге қатыса алады. Жалпы, жаңа заң МЖӘ-ні қол­дану саласы бойынша шектеулерді алып тастауды көздейді, МЖӘ-ге қатысушылардың субъектілік құрамын кеңейтеді, МЖӘ жобаларына бастама жасау және дайындауда жеке сектордың рөлін арт­тырады. «Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік туралы» Заң мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарда жаңа белестер ашады, ұлттық эко­но­ми­каның барлық салаларын­да МЖӘ-ні қолдану әлеуетін кеңей­теді және Қазақстанның жаңа өсу моделінің негізгі эле­мент­терінің бірі болып табыла алады, деп атап өтті Ұлттық экономика бірінші вице-­министрі М.Құсайынов. Жоғарыда аталған заңды тү­сін­діруге арналған семинарлар Астана, Алматы қалаларында, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында да өтті. Мереке ТАҢАТАРОВ.