Еліміздің көлік прокуратурасы азаматтардың құқын қорғауда заңды қадағалау жұмысын ойдағыдай атқарып келеді.
Олар 2015 жылы өз міндеттеріне сай қадағалау барысында 41 357 заң бұзушылықтарды анықтады, 3 040 прокурорлық қадағалау актілер енгізілді, оның ішінде 1 782 ұсыныстар қаралды, 29 талап арыз қанағаттандырылды және 192 ұйғарым орындалып, заңға 357 түсіндіру берілді, 110 ескерту жасалды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 34 сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қадағалау шаралары негізінде 2 784 заңсыз актілер бұзылып, өзгертілді және әртүрлі жауапкершілікке 5 мыңнан аса адам тартылды.
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында негізгі күш мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға, мемлекеттік бюджетті сақтауға бағытталды. Бюджетке келтірілген залалдың орнын өтеу көлемі 23,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде 21,6 млрд. теңге салық және басқа да төлемдер мемлекеттің бюджетіне өндірілді. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілді.
Ел азаматтарының құқықтарының сақталуына қадағалау жүргізуге аса көңіл аударылады. Қабылданған шаралар негізінде 49 252 азаматтың, оның ішінде 46 677 адамның – конституциялық құқықтары қорғалды, 4 мыңнан аса жұмысшыға 435 млн. теңгеден аса жалақы бойынша берешек өтелді. Бас көлік прокуратурасының наразылықтарымен 26 ірі көлік кәсіпорындарының ұжымдық келісімдері еңбек заңнамасымен сәйкестендірілді.
Мемлекеттік органдар мен монополистер тарапынан негізсіз тексерулерге, әкімшілік шараларға және басқа да қысымға ұшыраған 1700-ден аса кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, 800-ден аса бизнес субъектілеріне заңсыз тексерулердің алды алынды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында көлік прокурорларының қадағалау актілерімен 35 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 лауазымды шенеунік сотталды.
Мәселен, Алматы қаласы көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі бойынша сотталды.
Сонымен қатар, 28 млн. теңге құрайтын контрабандалық тауарлардың өтуіне сыбайласа атсалысқан Жамбыл облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының лауазымды қызметкері де сотталды.
Бас Прокурор А.Дауылбаевтың берген тапсырмаларына сәйкес, көлік прокурорлары бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру барысында прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін одан әрі арттыруда. Мұндағы біздің міндетіміз түрлі маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету, әуежай тасымалының мемлекеттік реттеу тиімділігін жақсарту, оның ішінде құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп, бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілеріне жол бермеу болып табылады.
Ыбырай Тілеуғалиев,
Бас көлік прокуроры.