28 Қаңтар, 2016

Шығысқазақстандық ұйымдар

228 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
сайлау науқанына белсене қатысуға шақырды _DSC0011Шығыс өңірінің жұртшылығы кезектен тыс Парламент Мәжі­лісі мен барлық деңгейдегі мәсли­хат­тар сайлауларына күллі отандас­тарымен бірге бірауыздан қолдау көрсетті. Алтай мен Алакөл ара­­сында жатқан алып өңірде Елба­сы Жарлығына үн қосушы­лар қатарында жекелеген тұр­ғын­­дар да, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер де бар. Мәселен, Шы­ғыс Қазақстан облыстық кітап­­ханашылар қауым­дасты­ғының өкілдері мемлекетке дағ­дарысқа қарсы тұру үшін жаңа тетік қажеттігін айтады. Яғни, әлем­дік дағдарыстың күрделі кезе­ң­інде Қазақ­станға Мәжіліс пен мәс­лихат сынды саяси институт­тардың қуаттана түскені керек. – Экономикада қатты күй­зеліске жол бермеу үшін кәсіби деңгейі жоғары, қандай жағдайда да икемділік таныта білетін мықты мамандар керек. Сон­дық­тан, бұл сайлау дағдарысқа қарсы шаралар мен Президенттің «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасының жүзеге асырылуын жедел­детеді, – дейді кітапханашылар қауым­дастығының өкілі, облыстық Пушкин атындағы кітапхана директоры Қабиба Ақжігітова. Облыстық Азаматтық альянс өкілдері де осы ойда. Қазақстан Азаматтық альянсының өңірдегі ресми өкілі болып табылатын облыстық ұйым бірқатар үкі­меттік емес ұйымдардың басын бірікті­реді. Аталған альянс өңір­лік және рес­пуб­ликалық деңгейде түрлі топтар­дың мүдде­лері ескерілген бірыңғай стра­те­гиялық жұмыстар жүргізетін­дігімен ерекшеленеді. Ұйым мүше­лерінің айтуынша, жаһан­дық дағдарыс салдарының алдын алуға һәм күрделі кезеңді тиім­ділік­пен еңсеруде алдағы сайлау нау­қаны­ның маңызы ерекше болмақ. – Ауқымды өзгерістер дәуірі бас­талып келеді. Біз оған әрдайым әзір болуымыз тиіс. Парла­мент депутаттарының бастама­сы 5 институттық реформа ая­сындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын тиімді жүзеге асыруды көздейді. Біз аталған дағдарысқа қарсы шаралар төңірегінде бірге қимылдауымыз керек, – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Азаматтық альянсының төрағасы Олег Чернышов. Ол облыстағы мемлекеттік емес сектор жетекшілерінің пікірі кезектен тыс сайлауды өткізуді қолдайтындығын көрсеткенін, өзге де азаматтық институттарды саяси-экономикалық маңызы зор науқанға бір кісідей қатысуға шақыратынын жеткізді. Бұл саяси шарадан өңірдің этномәдени бірлестіктері де тыс қалмайды. Облыстық Дос­тық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен дөңге­лек үстелде этномәдени ұйымдар­дың жетекшілері Президент­тің Парламент Мәжілісі­нің 5-шақырылымдағы депутат­тардың өкілеттігін тоқтату және ағымдағы жылдың 20 науры­зына кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығына қатыс­ты ой-пікірлерімен бөлісті. Өңір­дегі Қазақстан халқы Ассам­блея­сының хатшылық меңгерушісі Асқар Нұрғазиев Президент шеші­мінің зиялы қауым мен ғылыми ортада, еңбек ұжымдарында, кәсіп­керлер арасында үлкен қол­дауға ие болғандығын, осы орайда, облыс көлемінде тұрып жатқан 110 ұлттың өкілі мен 14 Дос­тық үйінің депутаттар кө­тер­ген бастамаға әу бастан қолдау көрсеткенін айтты. Мемлекет басшысының әр үндеуі қоғам тарапынан, соның ішінде этномәдени ұйымдар тарапынан үлкен қолдауға ие болып келеді. Қазақстан халқы Ассам­­блеясының мүшелері мен өңір­­дегі этностардың қоғамдық ұйым­дарының жетекші­лері бұл сай­лаудың ел бірлігі мен тұ­тас­ты­ғын сақтауға және арттыруға ерек­ше үлес қосатындығын атап өтті. – Бұл бүгінгідей алмағайып уа­қытта дер кезінде және дұрыс жасалған қадам болды. Сон­дықтан, сайлаудың ел дамуын­дағы алар өзіндік орны бар, – деді облыстық орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Николай Зайцев. Ол Елбасының елдік сөздеріне әрқашан құлақ салып, одан замана лебін аңдап отыратынын, алда баршаға сын болатын уақыт туып келе жатқанын, сондықтан көрпеге қарай көсіліп, қаржыны үнемдеудің, жұмыс орындарын сақтап қалудың маңызды екенін атап өтті. – Біздің еліміз дамудың әртүрлі ауыр кезеңдерін өткерді. Біз көптеген қиындықтарды ең­се­ріп, жетістіктерге жеттік. Сон­дық­тан, бұл кезеңді де артқа тас­тап, көздеген мақсаттары­мыз­ға жетуге деген сенімім кә­міл. Сондықтан, Қазақ­стан­ның бір­тұтас халқы ретінде Прези­ден­­тімізге әрдайым қолдау көр­сетеміз, – деді Н.Зайцев. Сон­­дай-ақ, «Вайнах» чешен-ин­­гуш этномәдени бірлесті­гінің төрайымы Татьяна Кагер­манова, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүше­сі Лео Шик, славян этномәдени қоғамы­ның жетекшісі Александр Яковлев пен өзге де этномәдени бірлестіктердің өкіл­дері алдағы саяси науқанды қызу қолдай­тындықтарын білдірді. Жиын соңында шығысқазақ­стан­дықтарды сайлауға бір кісі­дей қатысуға шақырған үн­деу қабылданды. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның мүше­лері, этномәдени бір­лестіктер жетек­шілері мен Дос­тық үйінің қызметкерлері «Үй ішімізбен дауыс береміз! Көше­мізбен дауыс береміз!» атты акцияны бастауға уағдаласты. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН. Суретті түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ.
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024