28 Қаңтар, 2016

Қостанайда «Достар музейі» атты көрмесі ашылды (фото)

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016-MuzeiҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Биыл 75 жасқа толып отырған белгілі суретші Георгий Соков мерейтойлық көрмесін «Достар музейі» деп атапты. Ол көрмеге өзінің суретші достары әр жылдары сыйлаған шығармаларды топтастырыпты. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Георгий Соков өзінің достары мен әріптестері сыйлаған суреттерді жылдар бойы жинап келген. Олардың кейбіріне 50 жылға жуықтаған. Сондықтан суретшінің бұл көрмесіндегі шығармалар да түрлі жанрда болды. Суретші Георгий Соков: «Маған әр сурет қымбат. Олар менің өткен ғұмырым мен жылдарымды, достарымды, жастығымды еске салады. Осы суретті сыйлаған кісілердің біразы қазір бұл дүниеде жоқ. Бұл суреттердің ешқайсысын жоғалтпай үйде сақтағанмын. Дегенмен олардың сөреде жатқаны бір бөлек те, көрме ретінде жұрттың назарына ұсынғаным тіпті ерекше емес пе?», – деді. Суретшінің мерейтойына орай жақын күндері оның театр эскиздері сұңғат және кескіндеме жанрындағы шығармаларының екі көрмесі ашылатын болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz. 28-01-2016-Muzei  1 28-01-2016-Muzei 3 28-01-2016-Muzei2
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20